"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында
30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ғалым, географ, этнограф, тарихшы, өлкетанушы - Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай “Серікбол Қондыбайдың ғылымдағы қисындары мен қағидалары” атты оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалым, өлкетанушы - Мұрат Ақмырзаев,
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Эльвира Абланова,
Шетпедегі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейдің директоры - Рима Бердиева және Ақтау қаласындағы Серікбол Қондыбай атындағы 22мектеп пен Мұнайлы ауданындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Шараға қатысушылар Серікбол Қондыбайдың шығармашылығынан сыр шертетін бейнероликті тамашалап, ғалымның еңбектерінен, шығармашылығынан зерттеу жұмыстарын көрсетіп, баяндамаларын таныстырды.
Шетпелік Өнер колледжінің студенті Сыдықова Ақбота “Көлқайнар”, “Шалқымалы” әндерін домбырамен орындап, өнерін ортаға паш етті.
Шара соңында конференцияға қатысушыларға облыстық кітапхана атынан кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.
Сонымен бірге Шетпедегі Серікбол Қондыбай Музейі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің көрмесі көпшілікке таныстырылды.
362 әулиелі қасиетті Маңғыстау топырағында туып өсіп, түркі мифологиясын, жауынгерлік рух пен дәстүр-салтын зерттеген ғалым, ерекше дарын иесі -Серікбол Қондыбайдың мұрасы конференция қатысушылары мен өскелең ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.
Steppe and World баспа үйінің басшысы Раиса Сайран Қадыр арнайы атбасын бұрып Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханаға ...
Ең жақсы сыйлық - кітап Бүгін Есенов университетінің профессоры Нағбду Қамарова Қ.Сыдиықұлы атындағы облыстық кітапханаға "Арыс" баспасынан ...
03-ақпан күні кітапханамыздың Оқу залында "Зобалаң жылдар, тәлкекті тағдыр" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ даласының тарихындағы Ұлы ...
09-ақпан күні кітапханамыздың техникалық әдебиеттер залында "Жер байлығы - ел игілігіне" "Қазақстан Каспийшельф" мемлекеттік компаниясының Маңғыстау ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысына 50 жыл, Ақтау қаласының құрылғанына 60 жыл толуына орай "Киелі мекен ...
Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023 өлкетану акциясы - әдебиеттерін насихаттау бойынша Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф ғалым - Серікбол ...
24 қаңтар күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында, Маңғыстаудың азаматы бас геолог Шаңырбаев Иманмәді Шаңбасұлының 75 жас толуына орай ...
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалында жүргізілетін үйірмелердің жұмысы жөніндегі мәлімет: Арнаулы кітапхана ...
Қазақстан Республикасының 2023 жылы еске алынатын күндері мен мерейтойлар көрсеткіші Қаңтар 1 қаңтар – Мұрат Мұхтарұлы Әуезов (жазушы, публицист) ...
Құрметті оқырмандар! Шетел әдебиеттер залында тегін "ағылшын тілін үйрену" үйірмесі өз жұмысын бастайды. Қатысып, үйреніңіздер! ...